Қазақстанда 2026–2035 жылдарға арналған биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану тұжырымдамасы бекітілді

Қазақстанда 2026–2035 жылдарға арналған биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты пайдалану тұжырымдамасы бекітілді

Бұл — табиғатты қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру және биоалуантүрлілікті ұтымды пайдалануға бағытталған мемлекеттік саясатты айқындайтын негізгі стратегиялық құжат.

Тұжырымдаманы іске асыру аясында бірнеше негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізу көзделген:

  • бірыңғай экологиялық желіні, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін және экологиялық туризмді дамыту;
  • ормандарды қорғау мен молықтыру тиімділігін арттыру және орман ресурстарын тұрақты пайдалануды дамыту;
  • жануарлар дүниесін мониторингтеу, қорғау және тұрақты пайдалануды жетілдіру;
  • ихтиофаунаның биоалуантүрлілігін сақтау және кәсіптік маңызы бар балықтардың табиғи популяцияларын қалпына келтіру;
  • өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалану;
  • деградацияға ұшыраған жайылымдарды қалпына келтіру және оларды тұрақты басқару әдістерін енгізу.

Тұжырымдаманың бағыттарының бірі — жануарлар дүниесін мониторингтеу, қорғау және тұрақты пайдалануды жетілдіру.

Бұл бағыт жабайы жануарларды сақтау тәсілдерін дамытуға және табиғи ресурстарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Тұжырымдаманың толық мәтінімен ресми құжаттан танысуға болады.

История